Павлодар облысында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында полицейлер 1,4 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысында республикалық жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысы шығарылды.
– Жүргізілген жұмыс нәтижесінде полиция 1398 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде: тіркеусіз немесе құжатсыз тұрудың 287 фактісі, алкогольдік ішімдіктерді ішудің 195 жағдайы және қоғамдық орындарда мас күйінде болудың 10 фактісі және ұсақ бұзақылықтың 10 фактісі. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына мас күйінде 355 адам орналастырылды, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Облыс жолдарында мас күйінде көлік жүргізген 28 жүргізуші тоқтатылды. 185 жол ережесін елемеген жаяу жүргіншілер де тәртіптілігімен ерекшеленбеді.
Мысалы, Қарақала – Аққулы ауданының Қазы ауылдық автожолында патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері ВАЗ-21214 автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес жүргізуші мас күйінде болған. Сонымен қатар, бұрын сот оны көлік құралын жүргізу құқығынан айырған болатын. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылған.
– Мұндай іс-шаралар қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ облыс аумағында азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді, – деп атап өтті ведомствода.
Алдын алу шарасы аяқталғанына қарамастан, тәртіп сақшылары елдің қолданыстағы заңнамасын бұзбауға кеңес береді.