Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында шетелдік мас жүргізуші анықталды

Павлодар облысында шетелдік мас жүргізуші анықталды
Фото: pexels.com

Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған Германия азаматы жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілд. Нәтижесінде полицейлер 1224 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде құқықтық тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізудің 19 дерегінің жолын кесті.

– Мысалы, түнгі патрульдеу барысында Тереңкөл ауылында тұруға ықтиярхаты бар Германия азаматы мінген Lexus RX 300 көлігін тоқтатты. Ол Тереңкөл ауылына қонаққа келіп, медициналық куәландыру нәтижелері бойынша “орта дәрежелі” мас күйінде көлік құралын жүргізген. Осы факт бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Аудандық соттың шешімімен құқық бұзушыға 15 тәулік мерзімге қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Қаткенов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды