Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада курьер мобильді қосымшаның қолданушыларын алдап кеткен

Астанада курьер мобильді қосымшаның қолданушыларын алдап кеткен
Фото: polisia.kz

Астанада тауарды жеткізу бойынша жалған курьер мобильді қосымшаның пайдаланушыларын алдап кеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қаланың екі тұрғыны азық-түлікті жеткізуші курьердің оларды алдап, ақшаларын жымқырып кеткені туралы полицияға айтып, арызданған.

Алматы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азаматтарды алдаған Шығыс Қазақстан облысының 22-жастағы тұрғынын анықтады.

Ол бөтен адамның деректерін пайдаланып, мобильді қосымшаға курьер ретінде тіркеліп, жеткізу қызметін желеу етіп, сенгіш азаматтардың ақшасын иемденген. Клиенттердің өтінішін қабылдағаннан кейін, жігіт ұялы телефон теңгеріміне ақша салу ретінде алдын-ала төлемді талап еткен. Ол бір жағдайда 21 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденсе, екіншісінде 8 мың теңгеден астам қаржыны иемденген.

Уәде етілген өнімдерді алмаған тұтынушыларкүдіктінің ұялы телефонына қоңырау шала алмаған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Елордада ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған құқық бұзушылықтарға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Бір тәулік ішінде елордада 15 дерек тіркеліп, 5 қылмыс ашылды. ЖПІШ барысында бұрын жасалған 15 қылмыс әшкереленіп, 8 күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, күмәнді операциялардан бас тартуды және бейтаныс адамдарға ақша аудармауды ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады