Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы іске асырылуда

Жамбыл облысында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы іске асырылуда
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылғы 7 қарашада Жамбыл ауданында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында жергілікті тұрғындармен кездесулер өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты – өңірде этносаралық тұрақтылықты сақтау және  қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту болып табылады.

Жұмыс тобының құрамында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, этномедиация кеңесінің төрағасы, облыстық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Абдырахман Зайнутдинов, медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева бар.


 «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында ауыл тұрғындары мен, жастар арасында ақпараттық түсіндіру, білім, тіл, дін, аясында проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай, Меркі, Сарысу, Талас, Жуалы, Байзақ, Жамбыл аудандарының 85 елді мекендерінде 7 847 адамды қамтыған 282 іс-шара өткізілді. Оның ішінде 85 кездесу, 57 ақпараттық-түсіндіру,  39 әлеуметтік зерттеу,  28 семинар-тренинг, 77 спорттық және мәдени шаралар өткізілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында тұрғындардың өзекті мәселелері айтылып, шешімдер қаралды. Бейбітшілік пен келісімді нығайту, ұрпақтар сабақтастығын дамыту, жастар арасындағы түрлі әлеуметтік мәселелер көтерілді. Кеңеске қатысушылардың ұсыныстары мен түсініктемелері жол картасына жазылып, сұрақтар мен жауаптармен алмасты.

Жиын соңында ҚХА Ғылыми-сараптамалық бөлімінің сарапшылары Замана Исмаилова мен Рианна Жалпанова ауылдық округтердің тұрғындары үшін әлеуметтік сауалнама жүргізіп, этнос өкілдері арасында фокус-топтық зерттеулер жүргізді.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей қоғамдық институт болып табылады және қоғамды шоғырландыру ісінде үлкен рөл атқарады. Осылайша өзара көмек мәдениеті қалыптасады. Әр азаматтың айқын даралығына қарамастан, бізді ортақ ойлар мен мақсаттар біріктіреді. Ең алдымен, бұл-Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекетте бейбітшілік пен келісімді сақтау. Қазақстан халықтары Ассамблеясы - көпұлтты келісімді қолдаудың басты мемлекеттік құралдарының біріне айналып,  әлемге еліміздің ұлттық саясатындағы үйлесімділік үлгісін көрсетуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді