ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырмасы аясында бастау қалған «Бейбітшілік және келісім» жобасы Шымкент қаласында қарқынды іске асып жатыр.
Жоба аясындағы кезекті кездесу қаладағы Әл-Фараби ауданында жалғасын тапты. Шараға әкімдік өкілдерімен қатар, 12-ге жуық басқарма маманы қатысып, бұқара халықтың талап –тілектерін тыңдап, заң жүзінде кеңестер берді. Іс-шараның мақсаты – қала аумағында этнос аралық әлеуметтік қақтығыстардың алдын -алу шараларын әзірлеу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердің проблемаларын анықтау және оларды шешудің жолдарын қарастыру. Одан бөлек, сала басшылары мен арнайы мамандардан жасақталған топтар тұрғындар арасында: «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік», т.б. түрлі бағыттарда азаматтарды қабылдап, олардың проблемалық мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын сөз етті.
Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен өтіп жатқан қабылдауға келген халықтың қарасы көп болды. Бірі – тұрғын үй мәселесін айтса, енді бірі – коммуналдық- шаруашылық мәселені көтерді. Қабылдауға бас-аяғы 45-ке жуық азамат жазылған.
Айта кетейік бүгінге дейін арнайы топ 4 аудандағы 200-ге жуық азаматтың арыз-шағымдарын тыңдап, олардың өз шешімін табуына ықпал еткен. Қарапайым халық пен билік арасындағы алтын көпір рөлін атқарып отырған бұл жоба, өзінің тиімділігін көрсетіп берді,-деп отыр мамандар.