Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында «Бір ел» тарихи-танымдық жобасы аясында республикалық жастар форумы өтті

Жамбыл облысында «Бір ел» тарихи-танымдық жобасы аясында республикалық жастар форумы өтті
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында «Бір ел» тарихи-танымдық жобасы аясында республикалық жастар форумы ағымдағы жылдың 4-6 қараша күндері Меркі ауданы «Turan» демалыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-танымдық жобасы аясында «Тарих – жастар көзімен» атты республикалық жастар форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумның салтанатты ашылуы ағымдағы жылдың 4 қараша күні «Достық» үйінде еліміздің барлық өңірінен келген жастардың қатысуымен өтіп,  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулати» жастары театрының «Қарахан-Айша бибі» қойылымымен басталды.

Аймақтық шарада облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқарма басшысының міндетін атқарушы Ұлана Сламбекқызы жобаның жастарды ұлттық құндылықтармен тәрбиелеуге зор септігін тигізетінін атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының елімізде тұратын этностарды біртұтастыққа топтастыру мен мәдениетаралық диалогты дамытуды мұрат еткен «Бір ел» жастар жобасы үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Елге, Отанға деген сүйіспеншілік төл тарихымызды тереңнен танудан басталады. Жалпы, бұл жобаның жастарға берері мол. Іс-шара аясында өтетін пленарлық отырыстар, пікірталастар, интеллектуалды ойындар еліміздің әр өңірінен келген жастардың білім көкжиегін кеңейтіп, патриоттық рухтарын нығайтуға зор үлес қосты.

Үш күнге созылған форум аясында «Медиа кеңістіктегі ҚХА: өзара әрекеттесу тенденциясы»,  «Қазақша Оңай!»  және «үрмелі шар» әдістемесіне теңеу арқылы түрлі іс-қимылдармен практикалық семинар-тренингтертер, интеллектуалды ойындар, танымдық бағыттағы әдістемесін қолдана отырып, БАҚ-та материал жазудың және оны жариялаудың логикалық бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырылып, форум соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті