Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте жыл соңына дейін инфляцияны тежеу шаралары талқыланды

Үкіметте жыл соңына дейін инфляцияны тежеу шаралары талқыланды
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Серік Жұманғарин сенбі күні инфляция мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметтің биылғы негізгі міндеті – 8%-дан аспайтын инфляция дәлізіне кіру. 10 айдағы деректерді және инфляция индексінің негізгі құрамдас бөліктері – ақылы қызметтер, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бойынша баға жағдайын дамыту перспективаларын ескере отырып, Үкімет жылдық инфляцияны тежеу үшін ықтимал шараларды қарастырды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қазан айында инфляцияның жалпы жылдық өсу қарқыны 8,5% болған кезде ең көп үлесті ақылы қызмет көрсету қосты – 14,3%. Бұл индекстің өсуі Қазақстанда 2023 жылы «Тарифті инвестицияға айырбастау» мемлекеттік бағдарламасының басталуына байланысты, ол бойынша электр, жылу және сумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілерін жаңғырту үшін ауқымды салымдар тартылуда. Инвестицияларға айырбастау үшін бағдарлама бойынша тарифтердің жыл сайынғы белгілі бір өсуі көзделеді. Кеңесте атап өтілгендей, осы бағдарлама бойынша 2024 жылға жоспарланған коммуналдық қызметтерге тарифтердің негізгі өсуі жүргізілді және жыл соңына дейін қосымша өсу күтілмейді. 

Азық-түлік емес тауарлардың ішінде негізгі өсім (2023 жылғы қазанда 7,8%-ға өсім) киім, аяқ киім, аудиовизуалды жабдықтар, дәрі-дәрмек және басқа да тауарларда тіркелді. Азық-түлік тауарлары бойынша жылына 4,9% төмен өсу қарқынымен әлеуметтік маңызы бар өнімдер бойынша дефляция байқалады (-0,2%). Жиында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков қысқы және маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін жаңа егіннің қалыптасқан азық-түлік қорының жай-күйі туралы хабардар етті. Ауыл шаруашылығы қоймаларында, сауда орындарында, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде сақталған негізгі азық-түліктің 29 түрі бойынша 826 мың тоннадан астам қор бар. Түрлі сақтау мерзімдерін ескере отырып, тұрақтандыру қорларындағы тауарлар үнемі толықтырылып отырады және еліміздің бірнеше айдағы жекелеген өнімдерге деген қажеттілігін қанағаттандыруға жеткілікті.

Алдағы жаңа жылдық мерекелерді ескере отырып, азық-түлік бағасының қымбаттау үрдісіне тосқауыл қою мақсатында Серік Жұманғарин облыстар мен республикалық маңызы бар үш қалада тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру арқылы сөрелердің қолжетімді өніммен толтырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ал ең ірі мегаполис – Алматыда қалаға бекітілген ауылшаруашылық аймақтарынан өнімдерді үздіксіз жеткізудің арқасында жүзеге асуы тиіс. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары қысқы және көктемгі маусымаралық кезеңде бағаны одан әрі тұрақтандыру мақсатында ақпан айының басынан бастап жиналған көкөніс қорын брондауды бастау міндетін қойды.

Азық-түлік емес тауарлар бағасын тұрақтандыру үшін вице-премьер Ұлттық экономика министрлігіне аталған индекстің құрамдас бөліктеріне талдау жүргізуді және олардың өсу қарқынын тежеу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды. Инфляцияны ауыздықтау жөніндегі келесі кеңес екі аптадан кейін өтеді деп жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді