Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы жыл басынан бері 18 есірткі зертханасын жойды

Алматы полициясы жыл басынан бері 18 есірткі зертханасын жойды
Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы жыл басынан бері 18 есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағы біреуі зейнеткерлік жастағы азаматтың қарапайым жеке үйінде орналасқан. Арнайы іс-шараны Медеу аудандық прокуратурасының үйлестіруімен есірткі қылмысымен күресушілер, полицияның арнайы жасақтары және Н-Дейзи лақап аты бар ізкесуші итпен кинолог жүргізді.

– Екі ер адам ұсталды. Есірткі зертханасын ұйымдастыру идеясы кішісіне тиесілі екендігі белгілі болды. Ол егде жастағы танысына келіп, мол пайда табуға уәде беріп, үйінде қылмыстық кәсіп ашуды ұсынады. Үйді тінту кезінде өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттар, есірткі заттарды бөлшек саудаға салуға арналған полиэтилен байламдар, қабаттары бар ыдыстар, сұйықтығы бар канистрлер, противогаздар, колбалар, тамшуырлар және басқа да зертханалық жабдықтар табылды.

Айғақты заттар тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес, ол үйде синтетикалық мефедрон есірткісі қайнатылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Лаборанттар қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады