Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полицейлері есірткі зертханасын жойды

Алматы полицейлері есірткі зертханасын жойды
Фото: polisia.kz

Алматы полицейлері тағы бір есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті ретінде 23 жастағы жігіт ұсталды.Жедел мәліметтерге сәйкес, ол жалға алған үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған. Тұрғын үйді тінту кезінде өсімдік тектес заты бар полиэтилен байламдары, иісі бар ұнтақ зат, қабаттасатын магнитті араластырғыш, электронды таразылар, шыны ыдыстар, тарелкалар, пробиркалар, прекурсорлары бар байламдар, сұйықтығы бар бөтелкелер, шикізаты бар канистрлер және басқа да зертханалық құрал-жабдықтар табылды және тәркіленді.

Қаскөй өзімен бірге тұратын әйелдің және кәмелетке толмаған інісінің көзінше қылмыстық әрекетті жасаған.

– Күдікті ауыр қылмыс жасағанын мойындады. Ол қамауға алынды, — деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар синтетикалық мефедрон есірткі заты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді