Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында полицейлер оныншы есірткі зертханасын жойды

Алматы облысында полицейлер оныншы есірткі зертханасын жойды
Фото: polisia.kz

Алматы облысында полицейлер оныншы есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысының полицейлері кезекті зертхананы әшкерледі.

– Синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы тәртіп сақшылар Қарасай ауданының саяжай алаптарының бірінің аумағында анықтады. Үйдің ауласындағы гаражды тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға қажетті реактивтер, контейнерлер мен басқа да заттар табылды. Сонымен қатар күдіктінің жеке учаскесінде полиция 18 қарасора бұтасын қазып алды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Зертхана “синтетика” өндірісінің бастапқы сатысында жойылды. Есірткі өндірушіден 200 граммнан астам мефедрон және синтетикалық есірткі өндіруге арналған 1,5 келіден астам прекурсорлар тәркіленді.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері он есірткі зертханасын жойды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты