Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарақшылар қарағандылықты банк алдында тонамақ болды

Қарағандылық полицейлер банк алдында тұрғынды тонап кеткен күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

30 маусым күні сағат 20:00 шамасында Қарағанды қаласы ПБ жедел басқару орталығына хабарлама келіп түсті: қаладағы банктердің бірінің алдындағы тұрақта екі белгісіз адам күш қолдану арқылы тұрғынның 500 мың теңгесін алып кеткен.

Оқиға орнына Михайлов полиция бөлімінің, Қарағанды қаласы Полиция басқармасының және Қарағанды облысы ПД жедел-тергеу топтары шықты.

Анықталдай, Қарағандының 59 жастағы тұрғыны азық-түлік тауарларын сататын сауда кәсіпорнында менеджер болып жұмыс істейді. Сол күні ол көтерме сауда ұйымынан жеткізілген өнім үшін 20 миллион теңге алып, ақшаны бас кеңсеге аудару үшін банкке барған.

Ер адам қаржы мекемесіне кіре берісте тұрақтап, көліктен түспек болған сәтінде екі жігіт жүгіріп келіп, автокөлік есіктерін ашып, менеджердің қолындағы ақша салынған пакетті жұлып алмақ болған. Бірақ ер адамның қатты қарсылық көрсетуімен олар пакетті жыртып, жерге түскен бума ақшаны ғана өздерімен алып кеткен. Шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.

– Ер адам полицияға оқиғадан үш сағат өткен соң ғана жүгінді. Оның айтуынша, ол алдымен қалған ақшаны бас кеңсеге жіберуді көздеген. Аталмыш уақыт ішінде күдіктілер қаладан кетіп үлгерді. Біз оларды Шығыс Қазақстан облысының аумағында анықтадық. Екі облыстың полицейлері бірлесіп жұмыс істеп, үш күдіктіні ұстадық, – деді Қарағанды қаласы ПБ КПБ бастығы Ескендір Əубəкіров.

Күдіктілер – Қарағанды қаласының 22-28 жас аралығындағы тұрғындары. Оларға қатысты сот “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу “Қарақшылық” бабы бойынша жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты