Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да 7 мың теңге үшін зейнеткерді соққыға жыққан

Күні кеше Риддер полиция бөлімінің «102» жедел арнасына  қалалық аурухана медбикесінен Риддер қаласының 70 жастағы тұрғыны дене жарақаттарымен травматология бөліміне жүгінгені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы жіберілді. Жәбірленушінің айтуына қарағанда,14 қаңтар күні шамамен кешкі 22:00 уақытында,оның үйіне бетперде киген белгісіз екі ер адам кіріп,денесіне соққы тигізіп,содан кейін 7000 теңге көлеміндегі ақшаны ұрлап кеткендігін жеткізді.


Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Риддер қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері, ШҚО полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, 33 және 44 жастағы күдіктілерді ұстады. Қылмыскерлер өз кінәсін мойындаған.


Қылмыскерлер Риддер қаласының ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.


ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлімі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді