Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда синтетика өндірісі бойынша есірткі зертханасы жойылды

Екібастұзда синтетика өндірісі бойынша есірткі зертханасы жойылды
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының Екібастұз қаласында синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхананы жойды. Оны қаланың екі тұрғыны ұйымдастырған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары барысында жалпы салмағы бір килограмнан асатын альфа-PvP психотроптық заты, отандық және шетел валютасындағы қаражат, электрондық таразылар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған құрылғылар мен жабдықтар табылды. Сонымен қатар 120 литрден астам прекурсор тәркіленді.

Қаскөйлер есірткіні шағын партияларға бөліп, курьерлердің көмегімен Интернет арқылы сатуды жоспарлаған.

Ұсталғандарға қатысты есірткі зертханасын ұйымдастыру және синтетикалық есірткі өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Жыл басынан бері полиция 48 есірткі зертханасын жойды, онда 250 кг қолдануға дайын синтетикалық есірткі, 2,5 тоннадан астам прекурсор және 72 кг-нан астам каннабис түріндегі есірткі тәркіленді. Есірткі бизнесі саласындағы 11 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 19 тоннадан астам түрлі есірткі, оның ішінде 5 тоннаға жуық марихуана мен 420 кг синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп атап өтті ведомствода.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді