Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 28 млн тоннаға жуық рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 28 млн тоннаға жуық рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қытай Халық Республикасында Көлік министрлігі, бизнес-компаниялар және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Тараптар ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымының мүмкіндіктері, сондай-ақ экспорттық жүктерді жеткізу шарттарын талқылады.

Мәселен, екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға өсіп, рекордтық көрсеткішке, яғни 28 млн тоннаға жетті. 

Осы ретте Қазақстаннан экспортқа 12,6 млн тонна жөнелтілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 35%-ға артық.

Сонымен қатар қазақстандық делегация Алашанькоу станциясының бонд аймағындағы дәнді дақылдар мен өсімдік майларын тасымалдау бойынша жаңа терминалдың жұмысымен танысты. Кездесу барысында тараптар тасымалдау технологиясы және қазақстандық агроөнімді қабылдауды ұлғайту туралы келісті.

Тараптар сондай-ақ ҚХР-ға экспортты тасымалдау кезінде туындайтын мәселелерді анықтау және шешу үшін жұмыс тобын құруға келісті.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың қатарында арпа мен бидай бар. Екі тараптың бірлескен жұмысының нәтижесінде 2023 жылы пандемиядан кейін ҚХР-ға тасымалдауды қайта бастауға мүмкіндік туды. Бұл дәнді дақылдар экспортын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, 2021 жылы шамамен 347 мың тонна, 2022 жылы 747 мың тонна, ал 2023 жылы 2 227 мың тонна экспортталды»  - деп атап өтті Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов.

 

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты