Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түзеу мекемесіне кәмпит арасына есірткі салып өткізбек болған күдікті анықталды

Түзеу мекемесіне кәмпит арасына есірткі салып өткізбек болған күдікті анықталды
Фото: polisia.kz

Өскемен қаласының №22 түзеу мекемесінде есірткі заттарын кіргізу әрекетіне тосқауыл қойылды. Сотталғандардың біріне жіберілген сәлемдемені тексеру кезінде мекеме қызметкерлері “тосынсыйға” куә болды, кәмпит пен басқа да азық-түлік өнімдерінің арасына жасырылған есірткі табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәлемдеме сырттай қарағанда, ешқандай күдік тудырмайды. Себебі ішінде кәдімгі тәттілер болды: кәмпит, круассан, құрма, сондай-ақ дымқыл майлықтар.

Алайда ҚР ІІМ Ұлттық ұлан және облыстық ҚАЖД-ға қарасты түзеу мекемесі қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсібилігі шешуші рөл атқарды. Пакетті мұқият тексеру кезінде өнімдердің ішінен ұнтақты заттың 12 пакеті табылған.

Белгілі болғандай, бұл әрекетті жасаған адам – сотталушының танысы, Алматы қаласының тұрғыны екен. Ол күзетшілерді алдап, есірткіні азық-түлік ретінде бүркемелеу арқылы беруге тырысты. Сөмкелерде ерекше иісі бар қою жасыл түсті зат болды, бұл бақылаушылардың назарын бірден аударды.

Күмәнді заттар бірден тәркіленіп, химиялық сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижелері бойынша заттың нақты шығу тегі мен құрамы анықталады. Дегенмен, заңсыз әрекетті жасаған азаматтың тыйым салынған заттарды түрмеге өткізуге тырысқаны анық.

Айта кету керек, мұндай жағдайлар болып тұрады, құқық бұзушылар жазасын өтеп жатқан таныстарына есірткі заттарын жеткізу жолында түрлі айла-тәсілді ойлап табады. Олар аяқ киім мен киімнен бастап, азық-түлік пен жеке күтім заттарына дейін күтпеген жерлерге барынша “тосынсыйлар” жасырып, әртүрлі әдістер мен амалдарды қолданады. Алайда түзеу мекемелері қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің тәжірибесінің арқасында мұндай әрекеттер әшкере болады.

Күдікті — Алматы тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі (Елеулі мөлшерде жасалған есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау не жөнелту) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді ол осы әрекеттері үшін заң алдында жауап береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді