Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бірнеше телефонды чемоданның түбіне жасырып, колонияға өткізбек болған күдікті анықталды

Бірнеше телефонды чемоданның түбіне жасырып, колонияға өткізбек болған күдікті анықталды
Фото: polisia.kz

Астанада бірнеше телефонды чемоданның түбіне жасырып, колонияға өткізбек болған күдікті анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордалық колония қызметкерлері сотталғанға азық-түлік пен қажетті заттардың арасына 3 телефонды жасырып, өткізуге тырысқан бұрын сотты болған азаматты ұстады. Сотталғандардың қолдануына тыйым салынған заттар сканерлеу кезінде көрініп қалмас үшін фольгаға оралып, чемоданның үшінші қатпарының астына жасырылған болып шықты.

Күдіктінің айтуынша, оған белгісіз адам 10 мың теңге сыйақы ұсынған. Есесіне телефондарды колонияға өткізу керек болды. Ұсталған азамат Аршалы аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

– Астана қалалық ҚАЖД мен оған қарасты мекеме қызметкерлері қабылдаған кешенді шаралардың нәтижесінде тыйым салынған заттардың, оның ішінде телефондарды колонияға өткізуге жол берілмеді. Сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды мекеме аумағына енбеуі қатаң бақылауда және онымен күресу жұмыстары жалғасып жатыр, – деп атап өтті елордалық ҚАЖД бастығы Дәулет Рақымбеков.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді