Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов пен ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Бо Ли қаржы-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов пен ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Бо Ли қаржы-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Халықаралық валюта қоры басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті. Кездесу барысында қаржы-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан – 1992 жылдан бері ХВҚ мүшесі. ХВҚ-мен ұзақмерзімді серіктестік еліміздің экономикалық тұрақтылығын және ұлттық экономиканың сапалы тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін маңызды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен ХВҚ арасындағы өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын атап өтті. Ынтымақтастықтың жоғары маңызын құрылымдық реформалар жүргізу, Қазақстанның салық-бюджет саясаты мен қаржы нарығын дамыту жөніндегі бірлескен жұмыстың оң нәтижелері айғақтайды.

Халықаралық қаржылық тұрақтылықты қолдау жөніндегі екіжақты және өңірлік диалогқа өткен жылы Алматы қаласында Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін әлеуетті дамыту жөніндегі ХВҚ Өңірлік орталығының ашылуы жаңа серпін берді. Мемлекет басшысының экономиканы кешенді жаңғырту бойынша жүргізген жүйелі жұмысының нәтижесінде биылғы 9 қыркүйекте Moody's рейтингтік агенттігі Қазақстанның егемендік рейтингін тұрақты болжаммен Baa1-ге дейін көтергені атап өтілді. Берілген рейтинг ел тәуелсіздігі жылдары ішіндегі ең жоғарғысы болып саналады және институционалды ортаның үздіксіз жақсарғанын және экономиканы әртараптандыру қарқынының орнықтылығын растайды.

Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігімен бірлесіп сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуге бағытталған дәйекті саясат жүргізуге ниетті екенін атап өтті. Ағымдағы реформалар бюджет саясатының, қаржы есептілігінің және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған.

Өз кезегінде ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Бо Ли ел экономикасын дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында Қазақстанмен тығыз және сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілігін атап өтті. Мемлекеттік органдарға көрсетілетін тұрақты консультациялар мен техникалық көмек институционалды негізді нығайтуға, макроэкономикалық және макропруденциялық саясатты жетілдіруге ықпал етеді. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша әріптестікті нығайту ниетін растады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі