Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ашхабадта Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

2021 жылғы 20 желтоқсанда Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың және Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ч. Гылыджовтың тең төрағалығымен экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы өтті.

Комиссия отырысы барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, көлік және коммуникациялар, қаржы және инвестиция, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды талқылады. Қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, мәдениет және туризм, денсаулық сақтау, білім және ғылым, сондай-ақ газ және әлеуметтік және еңбек салалары қарастырылды.

Түрікменстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды сауда серіктестерінің бірі. Биылғы жылдың 11 айының қорытындысы өзара сауданың қарқынды өскенін айғақтайды.

Кездесу қорытындысы бойынша Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан үкіметаралық комиссиясының 11-отырысының хаттамасына қол қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады