Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысымен кездесу өткізді

Әлихан Смайылов ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысымен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ХВҚ-ның республикадағы миссиясының басшысы Николя Бланше Қазақстан мен Халықаралық валюта қоры арасындағы таяу және орта мерзімді перспективаға арналған ынтымақтастық жоспарларын талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесу барысында Үкімет Халықаралық валюта қорымен серіктестікке үлкен мән беретіні және оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтыны аталып өтілді.

Биылғы жылдағы маңызды оқиғалар – Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваның Қазақстанға сапары және Алматыда Кавказ, Орталық Азия елдері және Моңғолия үшін әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталықтың ашылуы болды.

Әлихан Смайылов атап өткендей, бүгінде ел экономикасы жаңа жағдайларға бейімделіп, тұрақты өсім көрсетуде. Атап айтқанда, 10 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,9%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,6%-ға өсті. Бұл алдағы уақытта, атап айтқанда, 2024 жылы оң динамика үшін қажетті шарт болып табылады. Сонымен қатар Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен шараларын жүзеге асыру нәтижесінде инфляцияның айтарлықтай баяулауы байқалады.

Үкімет басшысы халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингін инвестициялық деңгейде растағанын айтты. Сондай-ақ қазан айында Moody's агенттігі рейтинг бойынша болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» дейін жақсартты.

Премьер-Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта Қазақстанда салық-бюджет саясатын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бюджеттік процестерді оңтайландыруға, бюджетаралық қатынастарды жақсартуға және жалпы мемлекеттік қаржыны басқару сапасын арттыруға бағытталған жаңа Бюджет кодексі әзірленуде. Бұдан бөлек, жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр.

«Біздің басты міндетіміз – макроэкономикалық тұрақтылықты және тұрақты экономикалық өсуді әрі қарай қамтамасыз ету. Осы тұрғыда Халықаралық валюта қорына тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Николя Бланше Қазақстанның болашақта ауқымды экономикалық өсуге қол жеткізуі үшін қуаты мен мүмкіндіктері жеткілікті екенін атап өтті.

«Біз республиканың қарқынды өсу жолындағы амбициясын көріп отырмыз және қол жеткізген жетістіктерін ескереміз. Прогресс көптеген салада байқалады. Бұл өсімге қандай жолмен қол жеткізілетіні өте маңызды. Біз кеңестеріміз бен ұсыныстарымызда дәл осы жолдарды көрсетеміз. Біздің ойымызша, жеке сектор мемлекеттің қолдауымен жетекші рөл атқаруы керек», — деді ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның қаржы секторын одан әрі жетілдіру және дамыту үшін өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді