Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Павлодар облысының аумағында балалардың қатысуымен 160 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Биыл Павлодар облысының аумағында балалардың қатысуымен 160 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Биыл балалардың қатысуымен Павлодар облысы аумағында 160 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 3 кәмелетке толмаған қаза тауып, 180 бала жарақат алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының полициясы балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселелері бойынша брифинг өткізді.

Биыл балалардың қатысуымен Павлодар облысы аумағында 160 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 3 кәмелетке толмаған қаза тауып, 180 бала жарақат алды. Кәмелетке толмағандардың кінәсінен 11 жол-көлік оқиғасына жол берілді.

– Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО өсуінің негізгі себептерінің бірі – жолдың жүріс бөлігінің белгіленбеген жерден өтуі – деп атап өтті Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Сондай-ақ спикер мұғалімдер мен полиция қызметкерлері тұрақты негізде жол жүру ережелерін сақтау бойынша дәрістер өткізетінін хабарлады. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үдерісі шеңберінде балаларды құқықтық тәрбиелеуге ерекше назар аударылады, оның негізгі мақсаты теориялық білім алу және көше мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыстың тұрақты дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Таңертең және түскі уақытта мектептердің жанында жол қауіпсіздігінің алдын алу үшін автопатрульдер қойылады.

Кездесу соңында спикер балалардың жолдағы қауіпсіздігі көп жағдайда ата-аналарға байланысты екенін атап өтті. Өйткені балалар ересектердің тәртібін қайталайды және олардың пікірін тыңдайды. Спикер жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін сақтауға және жас ұрпақты қорғауға шақырды. Жүргізушілер жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауы керек. Сондай-ақ балалар оқу орындарының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және қоғамдық көлік аялдамаларының жанында барынша мұқият болу керек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты