Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында жыл басынан бері 40 бала түрлі жарақат алды

Павлодар облысында жыл басынан бері 40 бала түрлі жарақат алды
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 36 фактісі тіркелді, онда 40 бала түрлі жарақат алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу – бүкіл қоғамның проблемасы. Жолдағы балалармен болған барлық жазатайым оқиғалардың басты себебі – көлік жүргізушілерінің де, балалардың да жол ережелерін сақтамауы.

– Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 36 фактісі тіркелді, онда 40 бала түрлі жарақат алды, -деп мәлімет берді Павлодар облысы ПД.

Көбінесе балалар жүріс бөлігін рұқсат етілмеген жерде, бағдаршамның тыйым салатын сигналына, жақын жүретін көліктің алдында өтеді. Сондай-ақ велосипедтерді, мопедтерді және мотоциклдерді жүргізу кезінде жол жүру ережелерін бұзу орын алады.

Жол жарақатының маңызды себебі – көлік құралында жолаушының, жүргізушінің қауіпсіздік белдіктерін тақпауы немесе балаларды ұстайтын құрылғының болмауы.

Көбінесе ересектер баланың көзінше жол ережелерін бұзады, ал балалар үлкендердің жасағанын қайталайды. Балаларда әлі де жолдарда жүріс-тұрыстың берік практикалық дағдылары жоқ.

Осы орайда полиция жолдағы ересектердің жол ережелерін сақтауы олардың балаларына да үлгі болатынынескертеді. Күн сайын балаларға жол ережелерін және жолдан өту кезінде жолда сергек және мұқият болу қажеттілігін айтып отырған жөн.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді