Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында биыл жасөспірімдердің қатысуымен 124 ЖКО тіркелді

Павлодар облысында биыл жасөспірімдердің қатысуымен 124 ЖКО тіркелді
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында биыл жасөспірімдердің қатысуымен 124 ЖКО тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу – бүкіл қоғамның проблемасы. Жолдағы балалармен болған барлық жазатайым оқиғалардың басты себебі – көлік жүргізушілерінің де, балалардың да жол ережелерін сақтамауы.

Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 124 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 135 бала түрлі жарақат алып, екі бала, өкінішке орай, қаза тапты.

– Мысалы, Екібастұзда кеншілер көшесінде Geely SC-7 автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде жарақат алған кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, ал автомашина коммуналдық тұраққа қойылды, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.

Бала үшін жолда өзін қалай ұстау керектігін білу оның қалауына немесе оны жасағысы келмейтініне ғана байланысты емес. Бала жол қозғалысының ең қорғалмаған қатысушысы болып табылады және көп жағдайда балалардың жолдағы тәртібі олардың жол жағдайын қабылдауына байланысты. Сондықтан жолдағы балалардың қауіпсіздігін ересектер қамтамасыз етеді, олар: ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер, өтіп бара жатқан адамдар және көлік жүргізушілері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді