Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент жастары республикалық чемпионатта топ жарды

Шымкент жастары республикалық чемпионатта топ жарды
Фото: pixabay.com

Үшінші мегаполис жастары Астана  қаласында өткен « WorldSkills Kazakhstan – 2023» VIIIРеспубликалық чемпионатында топ жарып, үздік үштікке ілінді. Үш күн бойы өңірлік чемпионаттардың жеңімпаздары 30 құзырет және 7 бағыт бойынша мықтылықтарын дәлелдеуүшін бақтарын сынады. Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

Шымкенттің талантты жастары кәсіптік және жұмысшы мамандықтарының «Worldskills» кәсіби шеберлік чемпионатына 2016 жылдан бері қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Биыл шаһарымыздың намысын қорғауға 30 студент 29 құзыреттілік бойынша қатысты. Олардың ішінде электр монтаждау, бизнеске арналған ІТ шешімдер, кірпіш қалау, мобильді робототехника, мехатроника, шаштараз және т.б. құзыреттіліктер бар.Командалық есепте 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған Абай облысының командасы көш бастады. Екінші орынды Алматы қаласының командасы иемденіп, 4 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын алған Шымкент қаласының құрамасы 29 құзырет бойынша 5 алтын, 2 қола медальді және 11 ерекше медальонді қанжығасына байлады.Сонымен, жеңімпаздар тізбегіне тоқталар болсақ: 

I - орын иегерлері

«Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша Индустриалды-техникалық колледжінің студенті Байшериев Жақсылық Төлегенұлы, жетекшісі – Жарылқасын Дінмұхаммед;

«СББ станоктарында токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша: Индустриалды-техникалық колледжінің студенті Мирахимов Алексей, жетекшісі – Жумабаев Айдос;

«Визуальды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша:

Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенті Фазылова Жасмина Дияровна, жетекшісі – Алтынбаева Анна;

«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенті Жайшыбек Ардақ Еркебұланқызы, жетекшісі – Бекманова Меруерт;

Политехникалық колледжінің студенті Байнеев Аян Алиұлы, жетекшісі – Матиев Жарас;

 III - орын иегерлері

«Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Жол көлік колледжінің студенті Айтбай Өткір Хамитұлы, жетекшісі – Турсынбаев Ержан;

 «Плитка жапсыру» құзыреттілігі бойынша М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенті Асан Диас Жарасұлы, жетекшісі – Абдуллаев Ержігіт.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады