Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет Euroskills-те екі медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет Euroskills-те екі медаль жеңіп алды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан ұлттық құрама командасы EuroSkills чемпионатына қатысу тарихында үздік нәтиже көрсетіп, қоржынымызға екі медаль және төрт «Үздік медальонын» салды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа әлемнің 32 елінен 25 жасқа дейінгі 600 мықты жас маман қатысты.

EuroSkills Gdańsk 2023 сегізінші еуропалық чемпионатының үш конкурстық күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері бір күміс және бір қола медаль иеленді.

Руслан Юсупов "Веб технологиясы" құзіреттілігі бойынша күміс медаль иеленсе, Андрей Степанюк пен Станислав Горицин «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» командалық құзыреттілігі  қола медальмен жүлде қорына  үлес қосты. Сонымен қатар, Алуа Жарасбаева (графикалық дизайн), Ерасыл Бақытжан (инженерлік графика CAD), Виталий Кайль (плиткамен қаптау), Ернияз Құрманбеков және Аңсар Оразғалиев (мехатроника) "Үздік медальонға" ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл еуропалық чемпионаттағы үшінші медаль. 2021 жылы Павлодар колледжінің түлегі Дина Афанасьева "Веб-әзірлеу" құзіреттілігі бойынша  үшінші орынға ие болды.

Биыл жарыс Польшаның Гданьск қаласында 5-9 қыркүйек аралығында өтті. Ұлттық құрамаға 28 қатысушы және 25 халықаралық сарапшы енді. Қазақстандықтар 25 құзыреттілік бойынша сынға түсті. 

EuroSkills чемпионаты - бұл Еуропадағы кәсіптік білім беру және біліктілікті арттыру бағытындағы маңызды іс-шара. 25 жасқа дейінгі жас мамандарға арналған ең ірі халықаралық кәсіби шеберлік жарыстары WorldSkills Europe қатысушы елдерінде екі жылда бір рет өткізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды