Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана тұрғыны жалған құжат жасап, колонияға кірмек болды

Астана тұрғыны жалған құжат жасап, колонияға кірмек болды
Фото: polisia.kz

Астана қалалық ҚАЖД-ға қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкерлері сотталғанға ұзақ мерзімді кездесуге келген әйелдің неке қию туралы куәлігі жалған екенін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге келген әйелдің құжаты мекеме қызметкерлерінің күмәнін тудырды. Ақмола облысы Аршалы кентінің АХАТ қызметкерлері бұл күмәнді растады. Яғни тіркеу журналында неке қию туралы куәлік болмады.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы ПД Аршалы аудандық полициясы ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Әйелге 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады. 

– Қаж қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ұзақ кездесулерге сотталғанның жақын туыстарына рұқсат беріледі, онда туыстық байланыстар тиісті құжаттармен расталады, – деп атап өтті елордалық ҚАЖД бастығының орынбасары Ирсали Ахмедов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді