Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда жалған ПТР-тест нәтижесін берген медицина қызметкері әшкереленді

Таразда жалған ПТР-тест нәтижесін берген медицина қызметкері әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ПТР анықтамалары мен вакцинация паспорттарын қолдан жасау және пайдалану деректерін анықтау және жолын кесу бойынша барлық шараларды қабылдауда.

Тараз қаласындағы емханалардың бірінің қызметкері нақты зерттеу жүргізбестен, теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасын берген.

Бүгінгі күні аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 1-бөлігі (Жалған құжаттарды, бланкілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 26 жастағы медицина қызметкері анықталды, ол көрсетілген қызмет үшін ақша алмағанын, тек бір ғана “жалған” анықтама бергенін айтты. Алайда бұл ақпарат тергеу барысында тексерілетін болады.

Ал анықтаманы пайдаланған 47 жастағы әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі (Көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Естеріңізге сала кетейік, жалған құжат дайындағаны үшін төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің өзге де егжей-тегжейлері жария етілмейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті