Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолалық полицейлер жалған нөмірлі автокөлікті анықтады

Ақмолалық полицейлер “Автомобиль” іс-шарасы барысында жалған нөмірлі автокөлікті анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлік құралдарының айдап әкетілуі мен ұрлануының алдын алу және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында 16-22 тамыз аралығында Ақмола облысының аумағында республикалық “Автомобиль” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Ағымдағы жылғы 18 тамызда жедел іс-шаралар өткізу кезінде облыстық Полиция департаментінің КҚҚБ ППБ қатысуымен Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Әуезов көшесімен жүріп келе жатқан, 38 жастағы жүргізушісі жүргізген көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар Toyota Highlander маркалы автокөлігін анықтады.
Жүргізушінің тіркеу құжаттары мен агрегаттардың түйіндерін тексеру барысында көліктің бұрын есептен шығарылғаны, ал кейінірек оған ресейлік есептің жалған нөмірлері қойылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 386-бабының 1-бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

Тәртіп бұзушының көлігі арнайы тұраққа қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Сараптама тағайындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады