Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті

Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті
Фото: pixabay.com

Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан келген көліктерді заңсыз тіркеудің жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, бұл тізбекте “Азаматтарға арналған үкімет” АҚ-ға қарасты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан көлік алып келуді жолға қойған К. есімді азамат күдікті деп танылды.

– К. есімді азамат мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен қылмыстық келісімге келіп, Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын тіркеуге негіз болатын құжаттарға жалған мәліметтер енгізгені белгілі болды. Осы заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген алымдар, яғни 340 млн теңгеден астам сомманы төлеуден жалтарған. Тергеудің осы кезеңінде 250 көліктің осындай қылмыстық тізбекпен алып келініп, тіркелгені анықталды, – деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Баяндамашы ҚР ҚК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша қозғалған қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасында тергеп жатқанын атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді