Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Президентке Қазақстандағы биржа саудасының дамуы, құрылыс материалдары, тұрғын үй, жанар-жағар май нарықтарындағы бағаға қатысты ахуал, сондай-ақ, кірме жолдар нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөнінде мәлімет берілді.

Серік Жұманғарин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік және жеке операторлардың қызметіне талдау жүргізу жөніндегі тапсырмасының орындалу нәтижелері туралы баяндады. Сондай-ақ,  жұмыс істеп тұрған қазіргі құрылымдарды оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарын айтты. Болжам бойынша олар 3,5 миллиард теңге экономикалық пайда әкеледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына фармацевтика, автожолдар құрылысы нарықтарындағы, денсаулық сақтау саласындағы монополияға қарсы әрекет ету шаралары туралы айтылды. Салалық ведомствоның жетекшісі Президентке бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін шектеулерді жою үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қабылдап жатқан шаралар, Ұлттық жоба және бәсекелестікті дамыту жөніндегі заң жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев  азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасын  төмендету жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі азық-түлік өндірісі көлемін ұлғайту, отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарына қолдау көрсету қажет деп санайды.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда