Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады

Кездесуде Мемлекет басшысына Агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 


Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға, Президенттік жастар кадрлық резерві бойынша жүргізілетін жұмыстарға, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде айтты.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, «Е-қызмет» жүйесінің интеграция аясын кеңейту және «i-Qyzmet» жүйесін әзірлеу барысы туралы баяндалды.


Қазақстан Президентіне ведомство жұмысын қайта ұйымдастыру жайында мәлімет берілді. Анар Жайылғанованың айтуынша, былтыр Агенттіктің штаты 10 пайызға қысқарған, ал биылғы ақпан айының соңына дейін тағы да 15 пайызға оңтайландырылмақ.


Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметті жетілдіре түсу қажеттігі туралы атап өтіп, Агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар Президент Мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді