Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына арналған Жолдауда, сондай-ақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Асхат Аймағамбетов Президентке министрліктің педагогтер мәртебесін арттыру жөніндегі шараларды белсенді іске асырып жатқаны, мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артқаны туралы баяндады. Биыл 200 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.


Мемлекет басшысына пандемия кезіндегі оқу үдерісінің ахуалы және оқушылардың білімін толықтыру үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ, балаларға қолайлы орта қалыптастыру және «Кітап оқитын мектеп» жобасын іске асыру жөнінде ақпарат берілді.


Кездесуде балалардың құқықтарын қорғау, отандық колледждер мен жоғары оқу орындарын дамыту, жоғары білім беру сапасын арттыру, академиялық еркіндікті қамтамасыз ету және оқу орындарын одан әрі оңтайландыру мәселелері талқыланды.


Кездесу қорытындысы бойынша Президент Қазақстанның білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіру үшін министрлікке бірқатар міндет жүктеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты