Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов: Барлық автомектептерді есепке алып, техникалық байқау орталықтарының жұмысын жөнге келтіру қажет

Олжас Бектенов: Барлық автомектептерді есепке алып, техникалық байқау орталықтарының жұмысын жөнге келтіру қажет
Фото: primeminister.kz

Еліміздегі жол қауіпсіздігі мәселесі қаралған Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов автомектептер мен техникалық байқау стансаларының сапасыз жұмысына баса назар аударды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі жүргізушілерді даярлау сапасына және көлік жүргізу мәдениетіне теріс әсерін тигізетіні атап өтілді. Бұл ретте Қазір оқу орталықтарын ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар талап етілмейді. Олардың көпшілігінде қажетті материалдық база жоқ. Бүгінгі таңда сапасыз даярлағаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталған. Оқу процесі көбінесе формальды түрде өтеді.

Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық автомектептерді есепке алу, халықаралық тәжірибені талдап, қажет болған жағдайда жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәліктерін алу тәсілдерін қайта қарау тапсырылды.

Олжас Бектенов автокөліктің техникалық жай-күйі жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін баса айтты. Жыл сайын еліміздегі автопарк өсіп келеді. Ал, автокөліктерді техникалық тексеру сапасыз жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсету орталықтары бас пайдасын ғана ойлап, жұмыс істейді.

«Жол үстіндегі қауіпсіздік және адамдардың өмірін сақтау мәселесі жекелеген тұлғалардың мүддесінен биік тұруға тиіс. Көлік министрлігіне көлік құралдарына техникалық тексеру жүргізу сапасын тиімді бақылау тетігін әзірлеуді тапсырамын», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Бұл ретте Олжас Бектенов Үкіметтің, жауапты министрліктердің және барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың басты міндеті – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаты мен өлім-жітімді азайту екенін атап өтті. Ол үшін Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша жүйелі іс-шаралар әзірленетін болады.

Бүгінгі күні Қазақстан бойынша жалпы 950 техникалық байқау операторлары жұмыс істейді. Осы жылдың 6 айында 1 млн 800 мың көлік құралдары техникалық байқаудан өткен, ал 23 мыңнан астамы техникалық жарамсыз болып танылған.

Техникалық байқау жұмыстарын жүргізу фактілерін болдырмау мақсатында Заң жобасы әзірленді, онда техникалық байқау операторларын тиісті рұқсат қағаздарынан айыру және айыппұл мөлшерін 10 АЕК-тен 100АЕК-ке дейін ұлғайту қарастырылған. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді