Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-Министр аяқталмаған нысандарды реттеуді қамтамасыз етуді, камералар санын көбейтуді және байланыспен қамту қарқынын жақсартуды тапсырды

Премьер-Министр аяқталмаған нысандарды реттеуді қамтамасыз етуді, камералар санын көбейтуді және байланыспен қамту қарқынын жақсартуды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов салынып жатқан автожолдардың аяқталмаған учаскелеріндегі қауіпсіздік мәселесін көтерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы мұндай учаскелерде учаскелерде жол белгілері мен ақпарат қалқандары, уақытша жол таңбаларының болмауы мәселесіне назар аударды. Ескерту белгілері дұрыс орнатылмай, жүргізуші оларды байқамай қалатыны, мұның соңы жол апаттарына алып келетіні атап өтілді.

Мәселен, биылғы наурызда Алматы облысында 2019 жылдан бері құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Қарағанды – Алматы» бағытында жеңіл автомашина жүк көлігімен соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Ал мамыр айында дәл осы жолда көлік апатынан тағы 5 адам қайтыс болды. 

Премьер-Министр Көлік министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күтіп-ұстау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.

Қала сыртындағы жолдардың тағы бір проблемасы – мобильді байланыстың нашарлығы туралы мәселе көтерілді. Мысалы, «Қарағанды – Алматы» автожолын алатын болсақ, үш облыстың 500 км учаскесінде мобильді байланыс жоқ.

Олжас Бектенов Жол апатында зардап шеккендер көмекке шұғыл қызметтерді шақырта алмайтынын атап өтті. Осыған байланысты ЦДИАӨМ күре жолдарды мобильді байланыспен қамту қарқынын жеделдетуі қажет.

«Жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін бақылау үшін бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдар жетіспейді. Кей жерлерде олар мүлдем жұмыс істемейді. Жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырады. Тек биылғы жылдың басынан бері азаматтарымыздан жол қозғалысына қатысты 50 мыңнан астам шағым келіп түсті. Өңір әкімдіктері елді мекендердегі құқық бұзушылықты тіркейтін камералар санын көбейтуі қажет. Республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді түрде пайдалану керек», — деп тапсырды Премьер-Министр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгінде республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 3 200 шақырым жол 4 жолақты қозғалысқа ауыстырылды, 5 мыңнан астам шаршы метр арнайы жолақ, жарықты қамтамасыз ететін 630-ға жуық жол белгісі мен 1230 жол буфері орнатылған. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында қалалар мен елді мекендерді айналып өтетін 52 айналма жол және 32 жаяу жүргіншілер көпірі салынды. Сонымен қатар жануарлардың жолға шығуын алдын алу үшін 1 мың 500 шақырым қоршау мен 319 мал айдау өткелдері қамтамасыз етілді.

Биыл жалпы жол жөндеу жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды, оның 7 мың шақырымында жұмыс толық аяқталады. Аталған жұмыстар Алматы – Қарағанды, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан және Мерке – Бурылбайтал сияқты маңызды учаскелерден тұрады. Нәтижесінде бұл жолдар I және II техникалық санатқа ауыстырылып, жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді