Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда ұландықтар қызметтік иттің көмегімен қарақшыны ұстады

Бүгінгі таңда Ұлттық ұлан әскері жауынгерлік қызметтерді атқару кезінде бұзақылырды ұстау, қылмыстарды анықтау үшін қызметтік иттерді қолданып келеді. Ұлттық ұлан әскерінде қызметтік иісшіл иттерді тузету мекемелерін күзетуде, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде және қылмыскерлерді құрықтау мақсатында пайдаланады.

Осыған мысал ретінде күні кеше ғана Атырау қаласында Ұландықтар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп, қызметтік иттің көмегімен қарақшыны қолға түсірді.

Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында сағат 21:20 шамасында, Ұландықтарға Атырау қаласының Авангард шағын ауданында орналасқан дәріханалардың бірінен белгісіз бір азамат 40.000 теңге көлемін құрайтын дәрі- дәрмектерді алып, ақшасын төлеми ізін суытып кеткені туралы ақпарат келіп түседі. Осы аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген әскери жасақ кезекшісі лейтенант Қожатай Дәурен мен кинолог маманы кіші сержант Гакашин Мақсат ақпаратты қабылдап оқиға орнына жылдам жетеді. Оқиға орнына келіп мән – жайды анықтап, полиция қызметкерлерімен бірлесіп қылмыскер қашып кеткен бағытқа қарай қызметтік итті қолдану арқылы қылмыскерді іздеуге кіріседі. Иіс сезгіш төрт аяқты жануар қарақшының ізіне түсіп, әскери жасақпен полиция қызметкерлерін И.Тайманов көшесіне бағыттайды. Нәтижесінде аталмыш көшенің батысынан қылмыскерді құрықтап, істі одан әрі тергеу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады