Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында құны 50 млрд теңге болатын астықты терең өңдеу зауыты іске қосылады

Қостанай облысында құны 50 млрд теңге болатын астықты терең өңдеу зауыты іске қосылады
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қостанай облысында бидайды терең өңдейтін зауыт салу жобасын KazFoodProducts жүзеге асыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында «Baiterek Venture Fund» АҚ, Myande Group Co., Ltd қытайлық компаниясы, KazFoodProducts агрохолдингі және Қостанай облысының әкімдігі арасындағы инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жобаның құны 50 млрд теңгеден асады.

KazFoodProducts бас директоры Әлихан Қайратбектің айтуынша, жаңа Qostanay Grain Industry зауытының қуаттылығы жылына 400 мың тонна бидай өңдейді деп жоспарланған. Мұнда аминқышқылдар, биоэтанол, глютен, мал азығы, бидай кебек өндірілетін болады.

«Qostanai Grain Industry» ЖШС жобасын іске қосу мерзімі - 2027 жылғы желтоқсан. Жаңа өндірісте 600 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, меморандум аясында Алматы облысында бидай мен жүгеріні терең өңдеу саласында көшбасшы «АзияАгроФуд» зауытының өндірістік қуатын тәулігіне 200 тоннадан 300 тоннаға дейін арттыру жобасы қарастырылған.

Аталған жобалар азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуетті арттыруға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті