Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте биыл өңдеу өнеркәсібі саласында 7 ірі жоба іске қосылды

Шымкентте биыл өңдеу өнеркәсібі саласында 7 ірі жоба іске қосылды
Фото: pixabay.com

Шымкентте өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында 2023-2027 жылдар аралығында 401,5 млрд. теңгеге 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 103 жоба пулы қалыптастырылады. Сонымен қатар, индустриалдық аймақтарды кеңейту және қосымша 5 индустриялық аймақ құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұл аймақтарда экспортқа бағытталған елімізде аналогы жоқ сутегі тотығын (перекись водорода), ірі габаритті керамикалық тақталар, ұнтақталған полипропилен, йон алмастыру шайыр (йонообменная смола), ЛЭД экрандар өндіру жобалары іске асырылатын болады.

Солардың ішіндегі ірі жобаның бірі – керамикалық тақталар өндіретін зауыт құрылысы. Оны жүзеге асыратын қытайлық «WANG SHENG CERAMIC» ЖШС-і. Жобаның инвестиция көлемі 25,5 млрд. теңгені құрайды, өнімді Орталық Азия елдеріне экспорттау жоспарланған. «Жұлдыз» индустриялық аймағында 2023-2025 жылдары жүзеге асырылатын зауытта прогрессивті және экологиялық таза технологиялар енгізіледі.

Екінші жобаны «Оңтүстік» АЭА аумағында «АЛМЭКС Полимер» ЖШС-і іске асырады. Ұнтақталған полипропилен өндіру жобасының инвестициялық құны – 38 млрд теңге. Өндіріс іске қосылса, 100-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады. Іске асыру мерзімі – 2027 жылға межеленуде.

Атап өтейік, биыл қаламызда өңдеу өнеркәсібі саласында құны 10,9 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылған. Сандарды сөйлетсек: өнеркәсіп саласында үлесі 88%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 750,1 млрд теңгенің (2022 ж. 10 айы – 693,8 млрд тг) өнімі өндіріліп, 56,3 млрд теңгеге өскен. Өңдеу өнеркәсібі көлемінің өсімі металлургия (2,1 есе), жеңіл (126,1%), жиһаз (123,2%) және химия (111,6%) өнеркәсіптері, тамақ өнімдер (102,0%) мен сусындар (105,0%) өндіру, дайын металл бұйымдары (144,5%), машина жасау (119,2%) және өзге дайын бұйымдар (148,6%) өндіру салалары есебінен қалыптасты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады