Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында 131 тұрғын үй салынуда

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында 131 тұрғын үй салынуда
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккендердің тұрғын үйлерін қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы халықты хабардар етуді жалғастыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Теректі ауданында 131 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде Подстепное ауылында 106, Аңқаты ауылында 23, Теректі ауылында 2-нің құрылысы жалғасуда. Салынып жатқан әр үйдің аумағы 80 ш. м. құрайды. Тұрғын үй салу жұмысына 10 мердігер жұмылдырылды. Құрылысшылар 88 тұрғын үйдің қабырғасын көтеріп үлгерсе, 22-нің шатыры жабылды. Тағы 8 баспананың ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады. Оның барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.

Одан бөлек, аудан бойынша 394 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары аяқталып, 27 отбасыға баспана сатып алынды. Қалған зардап шеккен 3 отбасы да жақын арада баспанамен қамтамасыз етілмек.

ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 4 406 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген.  Оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

- 775 тұрғын үй салу;

- 2 248 үй сатып алу, оның ішінде 848 отбасыға үй берілді;

- 1 393 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 922 үйде жұмыстар аяқталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді