Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды
Фото: Сурет БҚО әкімдігінің баспасөз қызметімен ұсынылған

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен 66 отбасыға баспана сатып алынуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін аудан бойынша 50 отбасы пәтерлеріне қоныс аударды. Қалған 16 тұрғынға жақын уақытта пәтерлер сатып алынады.

Бөрлі ауданы бойынша 60 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, әр үйдің ауданы 80 шаршы метр болады.

Су тасқынынан зардап шеккен Ләйлә Жұмағалиева есімді көп балалы ана сатып алынған пәтеріне кіріп, мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек үшін алғысын білдірді.

"Су тасқыны салдарынан Бөрлі ауданы Пугачев ауылындағы үйіміз жарамсыз болып қалды. Комиссияның қорытындысы бойынша Ақсай қаласынан үй сатып алуға келістік. Төрт бөлмелі пәтерге кіріп отырмыз. Енді қуанышымызда шек жоқ. Қолдауы үшін бірінші кезекте Президентімізге алғыс білдіреміз" - деді Ләйлә Жұмағалиева.

Сондай-ақ, су тасқынан зардап шеккен аудан тұрғындарына 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Бүгінде Бөрлі ауданы бойынша тұрмыстық заттар мен жиһаздардың шығынын өтеу үшін 168 отбасыға 63 млн теңге көлемінде қаржы төленді.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы аясында қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс бойынша су тасқынынан зардап шеккен аудандарда 401 тұрғын үй салынуда.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында - 5 үй, Бәйтерек ауданында - 2 үйсатып алынды. Ал, Орал қаласындағы жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады