ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 18 маусымда Батыс Қазақстан облысына сапары барысында Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандарында салынып жатқан бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының ағымдағы деректері бойынша, Батыс Қазақстан облысында 5 927 нысанды су басқан. Бүгінгі күні 4003 нысанда техникалық байқау жүргізілді.
Қанат Шарлапаев Қоржын, Бұлдырты, Жымпиты, Өлеңті, Аңқата, Подстепное ауылдарында болды.
Қаратөбе ауданының Қоржын ауылында 97 нысан зақымданған. Су тасқынынан зардап шеккендердің баспанасын қалпына келтіру мақсатында учаскеде 90 үйдің құрылысы басталып, 7 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сырым ауданындағы Бұлдыртыда 41 үй зардап шекті. Ауылда 25 үйдің құрылысы басталып, 16 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның 13-і аяқталды.
Жымпиты ауылында 152 бұзылған нысан тіркеліп, 49 жаңа үй салынуда, 103 үйдің 95-інде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Өлеңті ауылында 67 нысанға залал келтірілген. Онда 39 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, 29 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның 24-інде аяқталған.
Теректі ауданының Аңқата ауылында 38 нысан бұзылған. Онда 23 тұрғын үй салынып жатыр, 1 үй сатып алынды, 14 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары аяқталған.
Теректі ауданындағы Подстепноеде 492 үйді су басқан. Ауылда 106 тұрғын үй салынуда, зардап шеккен тұрғындарға 10 үй сатып алынды, 376 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның 368-і аяқталды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылған БҚО тұрғындарының баспанасын қалпына келтіру барысын толық бақылауда.