Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін 164 астаналық жауапқа тартылды

Бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін 164 астаналық жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін 164 астаналық жауапқа тартылған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана полицейлері азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны және бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді. Мұндай фактілер анықталса тиісті шара қолдану үшін “102” арнасына хабарласуды сұрайды. Қала меншігіне ұқыпты қарауға және бұзақылық әрекеттері үшін жазаның күшейтілгенін еске салады.

Мәселен елордада жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 900-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін 164 адамға айыппұл салынды.

Атап айтқанда 32 жастағы Астана тұрғыны бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.

Бұған дейін ер адам халықаралық әуежайдың тұрағынан шығып бара жатып, қолымен автоматты шлагбаумды көтеріп, сол арқылы өз әрекетімен бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген.

Сонымен бірге полиция бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен немесе ерекше арсыз әрекеттерді жасаумен байланысты қоғамды ашық сыйламаушылықты білдіретін қоғамдық тәртіпті ерекше батыл бұзу, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Бұл қылмыс екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді