Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов CITIC Group басшысы Си Гохуамен бірлескен инфрақұрылым жобаларын іске асыру қарқынын талқылады

Олжас Бектенов CITIC Group басшысы Си Гохуамен бірлескен инфрақұрылым жобаларын іске асыру қарқынын талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов CITIC Group Директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен кездесуде қазақ-қытай бірлескен жобаларын іске асыру және энергетика мен өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі сәтте қытайлық компанияның қатысуымен республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау бойынша ірі инфрақұрылым жобалары іске асырылуда. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 1 131 км болатын «Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Балқаш» трассаларының 24 учаскесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда «Талдықорған – Өскемен» автожолында 768 км-дің 748 шақырымында төменгі жабын қабаты бойынша қозғалыс ашылды, жол жабынының жоғарғы қабаты бойынша қалған жұмыс 48%-ды құрайды; «Қарағанды – Балқаш» трассасы бойынша барлық 363 км бойы жабынның төменгі қабаты бойынша қозғалыс ашық, жол жабынының жоғарғы қабаты бойынша қалған жұмыс 49%-ды құрайды.

Сонымен қатар жол инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту жөніндегі амбициялық мақсаттарды ескере отырып, тараптар «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытының қуатын жылына 750 мың тоннаға дейін ұлғайту жобасын іске асыру барысын қарады. Аталған жобаны іске асыру құрылыс маусымы қызатын кезеңде битумға деген қажеттілікті жабады.

Мәселені талқылау барысында кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығы, таза энергетика, қоршаған ортаны қорғау және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.

Анықтама: «CITIC Group» корпорациясы 1979 жылы құрылған. CITIC Group Қазақстанда энергетика, химия өнеркәсібі, қаржы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы жобаларды іске асырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты