Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Балқаш» тасжолдарын реконструкциялауды сапалы аяқтау қажет – Әлихан Смайылов

«Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Балқаш» тасжолдарын реконструкциялауды сапалы аяқтау қажет – Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың CITIC Construction компаниясының бірінші вице-президенті Ян Цзяньцянмен кездесуі барысында «Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Балқаш» республикалық автожолдарын күрделі жөндеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Үкімет басшысы аталған ірі жобалардың уақтылы аяқталуын және сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Келесі маусымдағы жұмыстар үшін жол-құрылыс материалдарын, оның ішінде қиыршық тас пен битумды алдын ала дайындау қажет. Қосалқы мердігерлік ұйымдар да осындай жұмыс жүргізуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдарды қыста күтіп ұстау жұмыстарын бақылауға алу қажеттігіне де тоқталды. 

Кездесу барысында CITIC Construction компаниясының Қазақстан аумағындағы басқа да автожол жобаларына қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ компанияның өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларды іске қосу бастамалары талқыланды.

Орталық мемлекеттік органдар тарапынан тиісті жобаларды пысықтауда қажетті қолдау көрсетілетіні атап өтілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді