Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов пен Rhenus Group неміс компаниясының басшысы Тобиас Бартц көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов пен Rhenus Group неміс компаниясының басшысы Тобиас Бартц көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Rhenus Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Тобиас Бартцпен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоймалау инфрақұрылымын жаңғырту және теміржол тасымалын дамыту арқылы Қазақстанның транзиттік қуатын арттыруға бағытталған жобалар қаралып, жаңадан қазақ-неміс кәсіпорындарын құру перспективалары талқыланды. 

Айта кетейік, Rhenus Group әлемдегі ең ірі 25 логистикалық компанияның қатарына кіреді және Еуропада 70 терминал желісіне иелік етеді, сонымен қатар контейнер түрінде 22 терминалы бар. 

Тобиас Бартц Қазақстанның жаһандық логистикадағы нығайып келе жатқан рөлін атап өтті және терминалдық қуаттарды ұлғайту үшін қазақстандық компанияларды тарта отырып, жаңа аумақтар құруға қызығушылығын білдірді. Бұл Еуропаның жеткізу тізбегін Орталық Азиямен байланыстыруға мүмкіндік береді. 

Олжас Бектенов көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетті толық ашу үшін инвесторлармен ашық жұмыс істеуге дайын екенін айтты. Қазақстан аумағы арқылы ірі трансқұрлықтық көлік дәліздері – Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға дейінгі ең қысқа жолдар өтеді. Қазақстан Әзербайжанмен және Грузиямен Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы тауарларды өткізу уақытын қысқарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Бір жыл ішінде орта дәліз арқылы өтудің жалпы уақыты 2 есеге қысқарды. 

«Қазақстан Үкіметі елдің көлік-логистикалық әлеуетін барынша ашуға ниетті. Біз бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастыққа дайынбыз. Өз тарапымыздан бизнес үшін қолайлы жағдай жасай отырып, тұрақты және болжамды инвестициялық ахуалға кепілдік береміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады