Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тамара Дүйсенова: Биыл мемлекет меншігіне 946 мың га жер қайтарылды

Тамара Дүйсенова: Биыл мемлекет меншігіне 946 мың га жер қайтарылды
Фото: primeminister.kz

Жайылымдық жер тапшылығы проблемасын шешу шеңберінде биыл мемлекетке 946 мың га жер учаскесі қайтарылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты. Қайтарылған учаскелер бірінші кезекте халыққа ауылдық жерде мал жаю үшін беріледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Депутаттар алдында сөйлеген сөзінде Тамара Дүйсенова биыл көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі 3 есеге – 180 млрд теңгеден 580 млрд теңгеге дейін артқанына тоқталды. Сондай-ақ биыл агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға 431 млрд теңге қарастырылған. Қосымша 323 млрд теңге қажет. Бұл мәселе бюджетті нақтылау кезінде қаралатын болады.

Вице-премьер «Ауыл аманаты» ауыл халқының табысын арттыру жобасын іске асыру кезіндегі проблемалар туралы айтып берді. Оның айтуынша, туындаған мәселелерді шешу үшін жүйелі шаралар қабылданған.

Ең алдымен, бұрын берілген жеңілдікті несиелер толық талданған. Нәтижесінде ауылдардың мамандануын анықтау үшін оларға скрининг жүргізу қажеттілігі анықталды. Сондай-ақ өтінімдерді қабылдайтын және қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылайтын ақпараттық жүйеге қажеттілік бар.

«Бұл мәселелерді өңірлермен бірге «Amanat» партиясымен және осы саладағы сарапшыларды қоса отырып бірнеше мәрте талқыладық. Биыл жаңа тәсілдерді бірқатар өңірде алдымен пилоттық түрде жүзеге асырғымыз келеді, кейін тәжірибе алмасып, әр облыстың ерекшеліктерін ескере отырып жасаймыз деп жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.  

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты