Сс, 06 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тамара Дүйсенова Үкіметтің медициналық көмек сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын айтып берді

Тамара Дүйсенова Үкіметтің медициналық көмек сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын айтып берді
Фото: primeminister.kz

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында депутат Жұлдыз Сүлейменованың сұрағына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова халыққа медициналық көмектің сапасын арттыру шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Оның айтуынша, Ұлт денсаулығы Үкіметтің ерекше бақылауында. Жұмыс бірден бірнеше бағытта жүргізіледі.

« Ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырылуда. Оның аясында 321 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жалпы ауыл тұрғындары үшін 655 жаңа МСАК нысаны қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, халық үшін аудандық ауруханалар, облыстық перинаталдық, ірі республикалық онкологиялық орталықтар мен жедел медициналық жәрдем объектілері пайдалануға беріледі», — деді Тамара Дүйсенова. 

Сондай-ақ вице-премьер аурулардың, әсіресе, өлім-жітімге жиі алып келетін 5 ауру түрі бойынша алдын алуға бағытталған басқару бағдарламасының қайта жаңғыртылғанын атап өтті. Бұл жұмыстың алғашқы нәтижелері жақын арада жұртшылыққа ұсынылады. 

Тамара Дүйсенова өз жауабында дәрі-дәрмек мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ. Оның айтуынша, дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін таңбалау және қадағалау жүйесі енгізілуде. Бұл бағытта дәрі-дәрмек өндірушілермен, дәріханалармен және медициналық ұйымдармен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

«Саланың қаржылық тұрақтылығы мақсатында облыс әкімдіктерімен бірлесіп медициналық сақтандыру қорын толық цифрландыру және жүйемен қамтылмаған 3,5 млн азаматтың мәртебесін анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді