Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы төртінші апта қатарынан төмендеп келеді

Елімізде әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы төртінші апта қатарынан төмендеп келеді

Бір аптадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының жағдайы сенбі, 22 маусымда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметімен сілтеме жасап.

10 тауар тобына бағаның төмендеу үрдісі жалғасуда: қарақұмық жармасы – 0,9%, күнбағыс майы – 0,5%, қырыққабат – 0,4%, сиыр еті, тұз және қант – 0,3%, күріш – 0,2%, макарон, сүзбе және ұн – 0,1%. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, баға 8 облыста төмендеген, оның ішінде Ұлытау (0,8%), Ақтөбе (0,6%) және Атырау (0,5%) облыстарында айтарлықтай арзандады. Жалпы, бір апта ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасының орташа индексінің төмендеуі – 0,1%. Бұл көрсеткіш төртінші апта қатарынан тіркеліп отыр. Бір айда динамика 0,3% құрады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлерде ерте өнім жинау келісімшартының барысын айтты. Үш мегаполис – Астана, Алматы, Шымкент – маусымаралық кезеңде көкөністерді тұрақты бағамен жеткізу үшін елдің жеті өңірінен ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тікелей келісімшарттар жасай бастады.

«Астана қазірдің өзінде 15 мың тонна көкөніске: картоп, пияз, қырыққабат, сәбізге форвардтық келісімшарттар жасасты. Шымкент – 7,5 мың тоннаға, Алматы – 16 мың тоннаға. Жеткізу маусым-шілде, қыркүйек-сәуір аралығына жоспарланған. Сондай-ақ күзгі өнімді жеткізуге қосымша форвардтық шарттар жасалатын болады», — деп мәлімет берді вице-министр.

Сондай-ақ Ербол Тасжүреков өңірлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленген қаржыландыру мерзімі мен шарттарын, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландырудың 70% бағыты бойынша талаптарды сақтау қажеттігін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі