Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның екі облысында азық-түлік инфляциясы үш апта қатарынан төмендеп келеді

Қазақстанның екі облысында азық-түлік инфляциясы үш апта қатарынан төмендеп келеді
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа баға индексі өткен аптада -0,1%-ды құрады. Айдың басынан бастап барлығы: -0,3%. Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен сенбі күні, 27 сәуірде өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азық-түлік бағасының төмендеуі 10 өңірде тіркелді, оның ішінде Ақмола және Жамбыл облыстары үш апта қатарынан осындай нәтиже көрсетіп келеді. Жеті облыста өсім болған жоқ, үшеуінде 0,1%-ға өсім тіркелді», — деп хабарлады сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Жұмыртқа (1,8%), қарақұмық (1,3%), ұн (0,7%), күріш (0,6%), күнбағыс майы (0,4%), тұз (0,3%), сүзбе және пияз (0,1%) бағаларының төмендеуі жалғасуда. Сонымен қатар қырыққабат пен сәбіз бағасының маусымаралық қымбаттауымен қатар, бір аптада сары май бағасының өсуі (0,5%) тіркелді. Алайда мамыр айында сүт өндірісінің ұлғаюы тек майдың ғана емес, басқа да сүт өнімдерінің бағасының тұрақтануына оң әсер етуі тиіс.

Бұған қоса, кеңесте су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрақтандыру қоймаларының қорлары мониторингінің нәтижелері тыңдалды. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта ӘКК-де жалпы көлемі 284,9 мың тонна ӘМАТ негізгі түрлерінің қоры бар. Барлық облыста жұмыс топтары құрылды, көкөніс қорларына ревизия жүргізілді. Су басқан өңірлерге азық-түлік жеткізуде кідірістер байқалмайды.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин барлық өңірде маусымаралық кезеңнің шарықтау тұсында бұрынғы қорларды босатып, пайдалану және жаңа өнімдерді қабылдауға уақытылы келісімшарт жасау жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді