Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеуде

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеуде
Фото: primeminister.kz

Жыл басынан бері 21 мамырға дейін республикада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуі 0,2%-ға дейін баяулады. Өткен аптада көрсеткіш – 0,1% құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қазіргі бағасы қатысты жағдай  25 мамыр, сенбі күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кезекті кеңесте қаралды.

Бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға арзандады, оған Түркістан облысында жаңа өнім алу әсер еткен. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, қырыққабатты сатып алуға сауда желілері қосылды, ішкі нарық жаппай толығып жатыр.

Күнбағыс майы (-0,6%), қарақұмық жармасы (-0,4%), С1 санатындағы тауық жұмыртқасы (-1,4%) бағасының төмендеуі жалғасуда. Сонымен қатар «төмен бағалар» тобында сүзбе (-0,2%), тауық еті (-0,2%), айран майлылығы 2,5% (-0,4%), тұз (-0,1%) және 1 сұрыпты бидай ұны (-0,1%) бар.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан тұрақтандыру қорларындағы көкөніс қорларының көлемі бойынша деректер айтылды. Өңірлерге күзгі өнімді келесі маусымаралық кезеңге жеткізуге форвардтық шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды. Серік Жұманғарин өңірлерге алдағы апта ішінде бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуді және қажетті көлемде жаңа өнім жеткізуді жеделдетуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады