Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық қордың активтерін 2030 жылға қарай $100 млрд-қа дейін көбейту жоспарлануда

Ұлттық қордың активтерін 2030 жылға қарай $100 млрд-қа дейін көбейту жоспарлануда
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, Ұлттық қорды ұлғайту жөніндегі шаралар туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Бүгінгі таңда нысаналы бағдарлардың бірі Ұлттық қордың валюталық активтерін 2030 жылға қарай $100 млрд-қа дейін өсіру.

Екінші жыл шығындарға қатысты тиісті бюджеттік ережелер қолданылуда. Салық заңнамасында кіріс базасын нығайту есебінен бюджет параметрлерін неғұрлым сапалы теңгерімдеу, сонымен бірге олардың экономикалық кірісіне баса назар аудара отырып, шығыстарға басымдық беру арқылы жүзеге асырылып жатыр. 

2024-2027 жылдарға Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері жыл сайын 2 трлн теңге сомасында бекітілді. 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына (1 кезең) сәйкес, 2024-2025 жылдары жыл сайын 1,6 трлн теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлу көзделген. Бұл ретте 2026-2027 жылдары бұл шара жоспарланбайды.

«Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, орта мерзімді кезеңде мұнайдың барреліне $75 бағасы кезінде Ұлттық қор түсімдерінің 2025 жылғы 5,8 трлн теңгеден 2027 жылы 6,7 трлн теңгеге дейін ұлғаюы болжанып отыр»,— деп атап өтті вице-премьер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады