Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2024 жылы Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге трансферт тартамыз – Қаржы министрі

2024 жылы Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге трансферт тартамыз – Қаржы министрі
Фото: primeminister.kz

Мәжілістің жалпы отырысында республикалық бюджет бойынша алдағы жылдарға арналған болжамдар айтылды. Толығырақ Үкімет басшысының орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

«Заң жобасы елдің 2028 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді. 2024 жылға арналған түсімдер 20,4 трлн теңгеге болжанып отыр. Трансферттерді есепке алмағанда, кірістің көлемі 16,1 трлн теңге немесе түсімдердің жалпы сомасының 80%. Келесі жылы Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге көлемінде трансферт тарту жоспарлануда, оның ішінде нысаналы трансферт - 1,6 трлн теңге. Аталған қаражаттар әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады», - деді Үкімет басшысының орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында. 

Сондай-ақ,министр республикалық бюджеттің шығысы бойынша жағдайды түсіндірді.

«Жалпы, бюджеттің 2024 жылға арналған шығыстары биылмен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге ұлғайып, шамамен 24 трлн теңгеге болжанып отыр. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге 2,6%-ға болжанады. Дегенмен 2026 жылға қарай 2,3%-ке дейін біртіндеп төмендейді. Жалпы, республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толыққанды орындауға, өңірлерді дамытуға бағытталған», - дейді ол.

Бұған дейін Мәжіліс республикалық бюджет туралы заңды қабылданған болатын. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты